Accessibility links

Британия үкіметі төтенше мәжіліс өткізуде


Жұма күні полиция Лондонның орталығында екі бірдей көлікте жасырылған жарылғыш зат тапқан еді, енді осы төтенше жағдай үкімет отырысына арқау болып, жан-жақты талқылануда. Британия полициясы террорлық актілер дайындалған болуы мүмкін деген күдікпен тергеу-тексеруді бастап кетті. Террорлық қауіптің өршіп тұрғанына қарамастан, жыл сайын өткізілетін гейлер шеруі болатындықтан, Лондон полициясы қауіпсіздік шараларын күшейтті. Келесі аптада 2005 жылы 7 шілде күні Британия астанасының көлік жүйесінде жанкештілік бомба жарылыстары орын алып, 52 адам қаза тапқан террорлық шабуылдарға екі жыл толады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG