Accessibility links

Израиль шабуылдарынан 7 палестиндік құрбан болды


Газа аймағында соғысушыларға бағытталған Израиль әуе шабуылдарынан 7 палестиндік құрбан болды. Олардың үшеуі Хан Юнус қалашығында орын алған шабуылдан қаза тапты. Олар Ислам Джихадының мүшелері болған еді деп айтылды. Ал екінші шабуыл Газа орталығындағы босқындар лагерінде болды. Онда президент Махмұд Аббастың “Фатах” партиясымен байланысы бар делінетін соғысушы топтың екі мүшесі құрбан болды. Оның алдында Газадан Израильге қарай зымырандар атқыланған болатын.
XS
SM
MD
LG