Accessibility links

АҚШ пен Ресей президенттері бейресми келіссөз өткізеді


Бүгін Мэн штатында АҚШ президенті Джордж Буш Ресей президенті Владимир Путинмен бейресми келіссөз өткізеді. Буш Путинді өзінің демалыс күндерін өткізетін Кеннебанкпорттағы үйінде қарсы алады. Кездесу барысында президент Буш Путинмен арадағы қарым-қатынастарын жеңілдетуге тырысатын болады. АҚШ-тың Польша мен Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп қалған болатын. Олардың арасында, сондай-ақ, Сербияның жікшілдік бағыттағы аймағы Косовоның болашағына байланысты келіспеушіліктері де бар.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG