Accessibility links

Тасадан Ресейдің 1 жауынгерін атып өлтіріп, қалған екеуін жаралаған қаскүнемдер құтылып кетті


ГРОЗНЫЙ: Чешенстанның Шали ауданында армия жауынгерлері отырып келе жатқан автокөлік атқыланып, олардың бірі оққа ұшып, екеуі жарақаттар алды. Оған қоса жергілікті тұрғын да жапа шекті. Бұл шабуыл кеше кешкісін Агишты ауылының іргесінде болды. Ол жерде сапер бөлімінің жауынгерлері инженерлік барлау жұмысын істеп жатты. Оларды тасадан атқылағандар бас сауғалап үлгерді. Тағы да сол аудандағы Дуба-Юрт ауылының шетінен 5 келі жарылғыш зат пен 10 шақты детонатор және радиобайланыстың құрама бөлшектері жатқан құпия қойма аңғарылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG