Accessibility links

“Әл-Қаида” тобымен байланысқан террористердің Ұлыбританияны “нысанаға” алғаны анық


ЛОНДОН: Бүгін британ полициясы сенбі күні Глазго қаласының әуежайына жасалған шабуыл мен Лондонда бомба орнатылған 2 автокөліктің аңғарылуына байланысты Ливерпуль қаласында тағы 1 күдіктіні ұстап, қолға түскендердің саны 5-ке жетті. Осыған дейін полиция 4 адамды, оның ішінде Глазго әуе жайының бас терминалын газ бөшкелері тиілген джип автокөлігімен соққан 2 азиялықты қолға түсірді. Лондон мен Глазгодағы автобомбалармен шабуыл жасамақ болған сәтсіз әрекеттер – көп халықты қырып, елді дүрліктіруді мақсат етті. Бүгін Би-Би-Си-ге берген сұхбатында британ премьер-министрі Гордон Браун осылай деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG