Accessibility links

Қытайда бір күннің ішіндегі жол апаттарында 200-дей адам қаза болады


БЕЖИН: Қытайдың автокөлік жолдарында бір күннің ішінде 200-ден астам адам, жалпы соңғы 6 айдың ішінде бас-аяғы 37 мың адам қаза тапты. Бүгін үкімет өкіліне сілтеме жасаған “Синьхуа” агенттігі хабарлағандай, жолда қаза тапқандардың саны өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 12.2 пайызға азайған. Түрлі жарақат алғандардың қатары 189 мың адамды құрап, 15.2 пайызға кеміген. Жолдарға түскен ауыртпалықты жеңілдету үшін Қытай үкіметі 1986-ыншы жылдан келе жатқан жол салығын көтеріп, керісінше белсепедке салынатын салықтың мөлшерін азайтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG