Accessibility links

Экс-премьер-министр Т.Блэрдің Таяу Шығыста не беделі, не абыройы жоқ


ТЕҺРАН: Иран Англияның экс-премьер-министрі Т.Блэрдің Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер болған “квартеттің” арнаулы өкілі болып тағайындалғанына наразы. Бүгін Иран сыртқы істер минстрлігінің өкілі Мохаммад Әли Хосейни мәлімдегендей, 10 жыл премьер-министр болып, үкімет басынан өткен аптада кеткен Т.Блэрдің Таяу Шығыста не беделі, не абыройы жоқ. “Таяу Шығыс квартетін” құрайтын АҚШ, БҰҰ, Еуропа Одағы және Ресей Т.Блэрді өзінің өкілі етіп бекіткен болатын. М.Ә.Хосейнидің хабарлауынша, Г.Браунның британ премьер-министрі болып тағайындалуын ресми Теһран қолдады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG