Accessibility links

Диана ханшайым - көзі тірі болғанда 46-ға толар еді


ЛОНДОН: Диана ханшайымның қайғылы қазасына 10 жыл толуына байланысты оның 2 ұлы – Уильям мен Гарри ханзадалардың ұйымдастыруымен бүгін жаңа “Уэмбли” стадионында арнайы концерт өтеді. Әйгілі ардагер поп-әнші Род Стюарт пен “Дюран-Дюран” тобының біріккен концерті 6 сағат бойы жалғасып, әлемнің 145 еліне тікелей телеэфирде көрсетіледі. Бұл шара, сондай-ақ көзі тірі болса 46-ға толуға тиісті Диана ханшайымның туған күніне арналады. Марқұм Диана – 1997-нші жылдың 31-інші тамызында Париждің бір тоннеліндегі автокөлік апатында қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG