Accessibility links

Ауғанстандағы АҚШ пен НАТО күштерінің әуе соққысынан әзірше 45 бейбіт тұрғынның қаза болғаны анық


КАБУЛ: Бүгін Ауғанстан президенті Х.Қарзай елдің оңтүстігіндегі тәліптер бекініп алған 2 қышлаққа 29-ыншы маусым күні АҚШ әскері мен НАТО күштерінің әуеден соққы беріп, көбіне бейбіт тұрғындарды қырған оқиғаны тергейтін комиссияны тағайындады. 2 қышлақ көсемдерінің жергілікті билікке хабарлағанындай, АҚШ пен НАТО күштері Гильменд облысының 2 қышлағына әуеден берген соққысының салдарынан құрбан болған 45 тұрғынның мәйіттерін қайтарып берді. Бірақ нақты қанша тұрғынның қаза болғаны белгісіз. Оны үкімет пен парламент мүшелерінен құрылған комиссия тергеуге тиіс.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG