Accessibility links

Венесуэла президенті АҚШ-қа қарсы елдермен арада тығыз одақ құрғысы келеді


ТЕҺРАН: Иранның сыртқы істер министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, Венесуэла президенті Уго Чавестің Теһранға келген осы жолғы сапары 2 елдің арасындағы байланысты нығайта түседі. Министрліктің ресми өкілі Мохаммад Әли Хосейнидің сөзіне қарағанда, ресми Теһран мен Каракастың өзара қарым-қатынасы “аймақтық және халықаралық байланыстарды түгел қамтиды”. Ресей мен Беларуссияға барған сапарынан кейін 30-ыншы маусым күні Теһранға табан тіреген У.Чавес Иран президенті М.Ахмадинеджадпен және Иранның рухани лидері аятолла Әли Хаменеймен кездесуге тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG