Accessibility links

Мәскеуде бүгін Борис Березовскийдің үстінен сырттай сот басталады, алдын-ала тыңдау өтеді


Бұрынғы қаржы алпауыты Борис Березовский қуғындалып кеткен, қазір Британияда тұрады. Березовский "Аэрофлот" Ресей әуе компаниясынан миллиондаған доллар жымқырған деп айыпталды. Березовский айыптың саяси астары бар, Ресей үкіметі сот арқылы қоғам назарын Александр Литвиненконың ісінен аудармақ дейді. Ресей президенті Владимир Путинді қатты сынайтын Литвиненко былтыр уландырылып, қараша айында Лондонда қайтыс болған.
XS
SM
MD
LG