Accessibility links

Джордж Буш вице-президенттің бұрынғы көмекшісінің жазасын жеңілдетті


АҚШ президенті Джордж Буш түрме жазасына кесілген вице-президент Дик Чейнидің бұрынғы көмекшісіне рақымшылық жасады. Оппозициядағы Демократиялық партия өкілдері Буштың шешімін "ұят шаруа" деп айыптады. Вице-президенттің бұрынғы кеңесшісі Льюис Либби Орталық барлау агенттігінің қызметкері Валерия Плеймнің аты-жөнін бұқараға ашып қойды деп табылған, наурыз айында 30 ай түрмеге кесілген. Президент Буш АҚШ әкімшілігінің бұрынғы қызметкері 250 мың доллар айыппұл төлесін, екі жыл сынақ мерзімінде болсын деген жазаны күшінде қалдырды, түрме жазасын ғана жойды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG