Accessibility links

Ауғанстанның адам хұқтары тобы шетелдік жасақтар әуе шабуылдарын қысқартсын дейді


Адам хұқтары жөніндегі тәуелсіз комиссияның мәлімдеуінше, жақындағы әуе шабуылдарында тәліптерден гөрі бейбіт тұрғындар көп құрбан болған. Осы комиссияның баспасөз өкілі Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында АҚШ пен НАТО бастаған күштер өздерінің әуе шабуылдарын азайтып, жаяу әскерлеріне көбірек арқа сүйегені жөн деп айтқан. Өткен жұма күні Хелманд провинциясындағы әуе шабуылдарында 45 адам құрбан болды деп хабарланған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG