Accessibility links

Түркімен президенті ауған лидерін қонақ етіп болып, Қытайға сапарға бармақшы


АШХАБАД: Шілденің 16-сы күні Қытайға сапарға шығуынан бұрын Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов шілденің 5-6 күндері Ауғанстан президенті Х.Қарзайды қонақ етеді. Дүйсенбі күні кешкісін Түркіменстанның вице-премьері әрі сыртқы істер министрі Рашид Мередов хабарлағандай, президент Қытайға баратын 3 күндік сапарының барысында 2 ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және Түркіменстанның табиғи газын Қытайға тасымалдау жобасын іске асыруды жеделдету мақсатын көздеп отыр.
XS
SM
MD
LG