Accessibility links

Жапон министрі 1945-інші жылғы “атом қасыретінен” аман қалғандардан кешірім сұрап қызметінен кетті


ТОКИО: 1945-інші жылы Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларын атом бомбасымен бомбалаудың қажеті болды деп мәлімдеген жапон қорғаныс министрі Фумио Кьюма қызметінен кетті. Фумио Кьюманың әлгі сөзі атом бомбасының жарылуынан кейін аман қалғандардың жаппай ашу-ызасын туғызды. Ол әлгі сөзі үшін кешірім сұрады. Оның орнына Күншығыс елінің ұлттық қауіпсіздігі бойынша кеңесшісі Юрико Койке бүгін қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл жанжал кезекті парламент сайлауына бәір айдан аз уақыт қалғанда шығып отыр. Премьер-министр Синдзе Абе бастаған үкіметтің беделі барған сайын төмендеп барады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG