Accessibility links

Ирақтағы қантөгіс толастар емес - құрбан болғандардың саны арта түсті


БАҒДАД: Бүгін Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында бомба орнатылған автокөлік жарылып, кемінде 2 адам қаза болды, 17 кісі жараланды. Кеше Бағдад қаласының төңірегінде АҚШ-тың соғыс тікұшағы атып құлатылды. Оның ұшқыштарын өзге тікұшақ құтқарып, құлаған тікұшақ жойылды. Әр-Рамади қаласының маңында сенбі-жексенбі күні жалғасқан ұрыстардың барысында 23 содырдың көзі жойылды. Жексенбі күні Ирақтың батысында АҚШ-тың 2 теңіз жаяу әскері қаза болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG