Accessibility links

АҚШ демократтары Дж.Буштың шешімін “масқара”, “сенімді асыра пайдалану” деп бағалады


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың вице-президентінің бұрынғы көмекшісі “Скутер” Либбидің 30 ай түрмеге кесілген жазасын президент Дж.Буштың жеңілдеткен шешімі Сенаттағы демократтардың наразылығын туғызды. Сенаттағы демократтардың лидері Гарри Рид президенттің бұл шешімін “масқара” деп бағаласа, Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелози оны “сенімді асыра пайдалану” деп сипаттады. “Скутер” Либби – өтірік сөйлеп, Орталық барлау басқармасының агенті туралы мәліметтің заңсыз жария етілуін тергеуге бөгет жасағаны үшін 30 ай түрмеге кесілген болатын. Арнаулы айыптаушы Патрик Фицджеральд та Дж.Буштың шешімін “шексіздік” деп бағалады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG