Accessibility links

Қазақстанда маслихат сайлауына үміткерлер тіркеле бастады


Орталық Сайлау Комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменқызы сейсенбі күні «Азаттық» радиосына берген сұқбатында алдағы тамыздың 18-не деп белгіленген парламент мәжілісі депутаттары мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау үшінгі сайлау алды жұмыстарының басталғандығын хабарлады. Партиялық тізім бойынша мәжіліс депуттатығынан үміткер кандидаттарды ұсыну өткен маусым айының 22-сі күні басталған болатын. Бұл енді дәл бір аптадан кейін яғни шілденің 11-і күні аяқталады.

Л.Сүлейменқызының айтуынша, шілденің 3-і күнгі жағдаймен мәслихаттар депуттатығына 51 адамның аты ұсынылып отыр. Бұлардың 19-ы «Нұр Отан» партиясынан болса, қалған 32 үміткер өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған. Қазіргі жағдаймен облыстық мәслихаттарға 7 адам, қалалық мәслихаттарға 5 адам, ал аудандық мәслихатқа 39 адамының аты ұсынылып отыр. Сондай-ақ мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің партиялық тізімдері Орталық Сайлау комиссиясына әзірге дейін келіп түскен жоқ деді ол.

Орталық Сайлау комиссиясы өкілінің айтуынша, ОСК жанынан сайлауды ұйымдастырушылардың кәсіби білімділігі мен даярлығын арттыру және сайлаушылардың құқықтық сауаттын арттыру мақсатында әдістемелік кеңес құрылатын болды.

Оның басты міндеті алдағы сайлау процессіне қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға арналған жұмыстарды ұйымдастыру, осы мәселе бойынша халықаралық тәжірибелерді зерделеу сондай ақ сайлауды дұрыс өткізу үшін сайлау комиссиялары мен мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және халықаралық ұйымдардың өзара іс қимыл, жұмыстарын байланыстыру болады дейді Орталық Сайлау комиссясының мүшесі Л.Сүлейменқызы.

Алайда «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім Орталық Сайлау комиссиясы жанынан құрылып отырған бұндай кеңестің жұмысына деген өзінің күмәнді көзқарасы барлығын жасырмады. Оның айтуынша бұндай кеңестің орнына Орталық сайлау комиссясы жанынан сайлаудың қалай өтуін бақылайтын тәуелсіз бір комиссия жұмыс істесе сол пайдалы болмақ.

Ал қәзірге дейін саяси партиялардың Орталық сайлау комиссиясына мәжіліс депуттағынан үміткер өздерінің кандидаттарының ат тізімдерінің ұсына алмай жатуы бұл сайлауға деген уақыттың тым аз болуына байланысты яғни саяси партиялардың бұндай аса жауапты іске шынымен үлгермей жатуына қатысты дейді ол.
XS
SM
MD
LG