Accessibility links

АҚШ генералы Ауғанстанда НАТО-ның салдарынан 230 тұрғын қаза тапты деген мәліметті жоққа шығарды


АҚШ қолбасшыларының бірі, генерал Перри Уиггинс Ауғанстан тұрғындардың арасындағы адам шығыны жайында жарияланған мәліметке күмән келтірді. Ауғанстан және батыс гуманитарлық ұйымдары НАТО одағы жетекшілік ететін жасақтардың қимылдарынан биыл 230-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапты деген. Генерал Перри Уиггинс шалғайдағы аудандарда орын алған адам шығынын тәуелсіз жағдайда есептеу қиын деді. Ол кейбір мұндай есептердің қате екені дәлелденген деді.
XS
SM
MD
LG