Accessibility links

Джордж Буш вице-президенттің бұрынғы көмекшісіне жасалған рақымшылықты күшінде қалтырды


АҚШ президенті Джордж Буш вице-президент Дик Чейнидің бұрынғы көмекшісіне жасалған рақымшылықты күшінде қалтырды. Вице-президенттің бұрынғы кеңесшісі Льюис Либби Орталық барлау агенттігі қызметкерінің аты-жөнін бұқараға ашып қойды деп табылған, 30 ай түрмеге кесілген. Ол барлаушы әйелдің жұбайы Ирақ соғысын қатты сынайтын. АҚШ әкімшілігінің бұрынғы қызметкері 250 мың доллар айыппұл төлесін, екі жыл сынақ мерзімінде болсын деген жаза күшінде қалды, президент Буш түрме жазасын ғана жойды. Оппозициядағы Демократиялық партия өкілдері Буштың шешімін "ұят шаруа" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG