Accessibility links

Исламамадта қақтығысты бастаған мешіттің бас имамы Абдұл Әзіз ұсталды


Исламамадта полициямен арадағы қанды қақтығысты бастаған мешіттің бас имамы Абдұл Әзіз ұсталды, ол әйел сияқты бүркемеленіп, хижап киіп қашып шықпақ болғанда ұсталды. Бас имам Абдұл Әзіз мешіттен бекіністен шыққан бір топ әйелдің арасында жасырыныпты. Қызыл Мешіт шәкірттері сейсенбі күні полициямен қақтығысқанда қару жұмсаған, мұның салдарынан 16 адам қаза тапты. Мешітте бекініп алған мыңнан аса шәкірт кеше полицияға берілді. Қызыл мешіт ұстаздары мен шәкірттері қатаң ислам тәртібін орнату керек деп нәсихат жүргізген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG