Accessibility links

Британияға көшіп келетін жоғары деңгейдегі мамандардың өмірбаянын тексеру тереңдей түспек


Британияның мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесіне жұмысқа алу тәртібі де күшейтілмек. Британияның жаңа бас министрі Гордон Браун кеше парламент алдында алғаш рет есеп бергенде осылай деп мәлімдеді. Лондон және Глазго қалаларында соңына жете алмай қалған бомба шабуылдарын атқарғандардың көбі шетелдік болып шықты, олар Британияның ұлттық денсаулық сақтау жүйесі арқылы тұрақтаған екен. Парламенттің кейбір депутаттары "Хизбут Тахрир" ұйымына Британияда қашан тыйым салынады деген мәселені көтерді. Бұл мәселе Британияда екі жыл айтылып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG