Accessibility links

Х.Қарзай Түркіменстаннан Үндістанға қарай тартылатын газ құбырына көп үміт артады


АШХАБАД: Бүгін Ауғанстан президенті Х.Қарзай 2 күндік ресми сапармен Ашхабадқа келіп, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовпен газ құбырын тарту жобасы бойынша келіссөз өткізуге тиіс. Жалпы құны 2 млрд. доллар тұратын жоба бойынша, Түркіменстанның Довлетабад газ көзінен Ауғанстан мен Пәкістан арқылы Үндістанға қарай газ құбырын тарту көзделеді. Ресми Кабул осы жоба іске асырылса, Ауғанстанда 12 мың жұмыс орны ашылып, ақыр соңында газдың транзитінен жыл сайын 300 млн. доллар табыс түсіруге үміттенеді.
XS
SM
MD
LG