Accessibility links

Бұдан былай әлемде Жастар ойындары өтетін болды


Халықаралық Олимпиада комитеті кеше Гватемала қаласында өткен мәслихатында осындай шешім қабылдады. Жастар ойындарына жасы 14 пен 18 арасындағы спортшылар қатысады. Төреші мен делегация мүшелері де жастардан іріктеледі. Алғашқы Жазғы Жастар ойындары 2010 жылы өткізілмек. Ал 2012 жылы Қысқы Жастар ойындары өткізілмек. Алғашқы ойындарды өткізетін қала келесі жылы ақпан айында таңдап алынады. Ал келесі Қысқы Олимпиада 2014 жылы Ресейдің Сочи қаласында өтетін болды.
XS
SM
MD
LG