Accessibility links

Ауғаныстанда жанкештілік шабуылдан 10 полиция өкілі қаза болды


Үстіне полиция киімін киіп алған жанкешті өзін бейсенбі күні Ауғаныстанның оңтүстігіндегі бақылау бекетінде жарып жіберді. Онда түскі ас кезегінде тұрған 10 полиция қызметкері құрбан болды. Сонымен қатар, Пәкістанмен шекарадағы Спин Болдак қаласындағы шабуылда 11 полиция жараланған. Пактика провинциясының оңтүстік шығысында Талибандар жасаған бірнеше бомба жарылысынан бір НАТО әскері көз жұмды.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG