Accessibility links

Исламабадта Қызыл мешітте бүгін тәңертең қақтығыс болды


Пәкістан астанасы Исламабадта бүлік шығып отырған Қызыл мешітте бүгін тәңертен қақтығыс болды. Мешітте бекініп алған радикал шәкірттер полициямен атысты. Шәкірттердің жетекшісі, бас имамның орынбасары Абдұл Рашид Ғази полицияға берілгеннен көрі өлгендеріміз артық деп мәлімдеген. Мешіт пен билік арасындағы текетірес осы сейсенбіде қақтығысқа ұласып кетті, 20 шақты адам қаза болды. Мешітті жүздеген сарбаз қоршап тұр.
XS
SM
MD
LG