Accessibility links

Европа кеңесі парламенттік ассамблеясының президенті Арменияның шетелдік хабар таратуды шектеуге тырысуын сынады


Кеше «Азаттық» радиосының грузин редакциясына берген сұхбатында Рене ван дер Линден Армения билігінің шетелдік хабарлар тарату компанияларына қатайтылған шектеулер қоймақшы әрекетін орынсыз деп атады. Осы аптаның басында армян заң шығарушылары шетелдік хабарларды таратуды, соның ішінде «Азаттық» радиосының армян тілінде Арменияға хабар беруін шектеуге бағытталған өзгерістер енгізілген заң жобасын екінші оқылымында талқылаған болатын.
XS
SM
MD
LG