Accessibility links

Исламабадта Қызыл мешіттегі шайқастар төртінші күнге ұласты


Кеше мешітте бекінген діншіл студенттер мен қауіпсіздік күштері арасында тағы қақтығыс болды. Қызыл мешіттің талибаншыл имамы өзі және жақтастарының қолға түскенінен гөрі, өлімді артық санайтындығын мәлімдеген. Мешітте қарсылық қимылдары жалғасып жатса, кеше президент Первез Мүшаррафтың ұшағы әуежайдан көтеріле бергенде атқыланды деген хабарлар тараған болатын. Алайда, Пәкістан үкіметі атыстардың болғанын растағанымен, президенттің ұшағы нысанаға алынған жоқ деп айтқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG