Accessibility links

Ресей оппозициясы В.Путин бастаған қазіргі “режимді құлатуды” мақсат етеді


МӘСКЕУ: Жексенбі күні Мәскеуде оппозициялық “Өзге Ресей” бірлестігінің 2 күндік конференциясы күткендегідей нәтиже бермей аяқталды. Оппозиция лидерлері келесі жылдың наурыз айында өтетін кезекті президент сайлауына ортақ үміткерді ұсынуға келісіп, болашақ үміткердің сайлауға баратын бағдарламасы таныстырылды. “Өзге Ресей” бірлестігінің лилдері, шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Г.Каспаров атап көрсеткендей, бірлестіктің алдында тұрған ең басты міндет – оппозицияның барлық күшін біріктіріп, қазіргі “саяси режимді” күйрету” болып табылады.
XS
SM
MD
LG