Accessibility links

Ауған министрі көкнәр егісітігінің мол өнім беруі салдарынан қызметінен кетті


КАБУЛ: Ауғанстанның есірткіге қарсы күрес бойынша министрі Хабиболла Қадери қызметінен кетті. Жексенбі күні үкіметтің ресми өкілі хабарлағандай, өзін қызметінен босату туралы өтінішін Қадери президент Х.Қарзайға 5 күндей бұрын берген. Ол министр болып отырған кезде Ауғанстандағы көкнәр егістігі мол өнім беріп, өткен жылы Ауғанстан бүкіл дүние жүзіндегі героин есірткісінің 90 пайыздан астамын шығарды. Батыс елдері мен БҰҰ шенеунектерінің мәлімдеуінше, биыл көкнәрдің шығымы өткен жылғыдан асып түспесе, кем болмайды.
XS
SM
MD
LG