Accessibility links

Араб елдер Лигасының делегациясы “тарихи миссиясымен” Израильге келмекші


ТЕЛЬ-АВИВ: Таяу Шығыстағы жанжал бойынша келіссөз өткізу үшін Араб елдері Лигасының делегациясы таяу күндері Израильге келеді. Ол туралы жексенбі күні Израильдің сыртқы істер министрлігі хабарлады. Бұл сапарға “тарихи миссия” деген мәртебе беріліп отыр. Өйткені, құрамына 22 араб елі кіретін Араб елдерінің Лигасы ұзақ жылдардан бері Израильге қырғиқабақ көрсетіп келген болатын. Сонымен қатар жексенбі күні Израиль өз ықтиярымен 250 палестиналықты түрмеден босатынын хабарлады. Олардың барлығы Израильге қарсы қастандықтарға қатысы жоқ М.Аббас бастаған “ФАТХ” қозғалысының мүшелері.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG