Accessibility links

Польшадағы “Самооборона” партиясы үкімет құрамында уақытша қалды


ВАРШАВА: Польшаның “Самооборона” партиясы әзірше бір шарт бойынша үкіметтің құрамында қалатын болып шешті. Ол шартқа сәйкес, Польшаның құқық сақшылары жұмаға қарай жемқорлыққа байланысты жанжалға өзінің лидері Анджей Леппердің шатысы барлығын дәлелдейтін айғақтарын ұсынуға тиіс. Поляк премьер-министрі Я.Качиньскийдің бұйрығымен дүйсенбі күні А.Леппер вице-премьер әрі ауыл-шаруашылығы министрі лауазымынан босатылған болатын. Содан кейін ол өзі бастаған “Самооборона” партиясының үкімет құрамынан шығатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG