Accessibility links

Дж.Буш Ирақтан әскерді шығара бастау туралы Конгрестің талабын орындаудан бас тартты


КЛИВЛЕНД: АҚШ президенті Джордж Буш Ирақтан Америка әскерін шығаруды талап еткен конгрессмендердің шартын қабылдамады. Сейсенбі күні Огайо штатындағы Кливленд қаласында сөйлеген сөзінде Дж.Буш Ирақтағы АҚШ әскері және ол әскердің саны туралы мәселені Вашингтондағы саясаткерлер емес, армия басшыларының өздері сол жерде шешеді деп мәлімдеді. АҚШ президенті Конгресті армия басшыларының Ирақтағы ахуал туралы есеп беретін қыркүйек айына дейін шыдай тұруға шақырды.
XS
SM
MD
LG