Accessibility links

Пәкістан жасақтары Исламабадта Қызыл мешітті шабуылдады


Мешітте бір апта бекініп отырған жаугерлер қару тастаудан бас тартқан. Жаугерлер кепілдікте бірнеше адам ұстап отыр. Пәкістан әскерінің өкілі, генерал Уахид Аршад әр бөлме жеке-жеке босатылып жатыр, шабуыл өте баяу жүріп жатыр, себебі кепілдіктегі әйелдер мен балалар шығып кетсін деп отырмыз дейді. Бүгінгі шайқаста шамамен 50 жаугер өлтірілді, арнайы жасақ тарабынан сегіз сарбаз қаза тапты. Кепілдіктен 20 шақты бала босатылды, 50 шақты жаугер қаруын тастап, шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG