Accessibility links

Ауғанстан оңтүстігінде бомбалық шабуыл жасалды


Полиция кемінде 17 адам қаза тапты, 30 шақты адам жарақат алды дейді. НАТО жасағы алты бейбіт адам қаза тапты, 20 адам жарақат алды дейді. Жарақат алғандардың арасында НАТО әскерінің жеті сарбазы бар, мектеп жасындағы бірнеше бала да жарақат алды. Шабуыл НАТО қолбасшылығындағы Халықаралық бітімгершілік жасағының керуені өтіп бара жатқанда жасалды. Шабуылды кім жасағаны белгісіз.
XS
SM
MD
LG