Accessibility links

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы сыртқы істер министрлері тамыз айындағы саммиттің күн тәртібін мақұлдады


Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін Бішкекте кездесті. Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің министрлері тамыз айында Бішкекте өтетін саммиттің күн тәртібін мақұлдады. Олар, сондай-ақ, басқосуда қол қойылатын осы көршілес елдердің достық қарым қатынастары мен ынтымақтастығы жөніндегі ұзақ-мерзімді келісімнің жобасын әзірледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG