Accessibility links

Хабарларға қарағанда, Иранда жүргізушілер одағының жетекшісі қамалған


Техран автобус жүргізушілері одағының жетекшісі Мансур Осанұлының отбасы мүшелері мен әріптестері оның қамауда екендігіне кәміл сенімді. Осанұлын кеше Техранда белгісіз біреулер ұрып-соғып, машинаға салып алып кеткен. Халықаралық көлік федерациясы Осанұлының тез арада босатылуын талап етуде. Көлікшілер одағының жетекшісі автобус жүргізушілерінің жұмыс жағдайын жақсарту талабымен шерулер ұйымдастырғаны үшін бұдан бұрын бірнеше мәрте түрмеге жабылған болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG