Accessibility links

Ливияның Жоғарғы соты медбикелерге шығарылған өлім жазасы туралы үкімді өзгеріссіз қалдырды


400-ден астам балаға қауіпті ВИЧ инфекциясын әдейі жұқтырды деп айыпталған болгарлық бес медбике мен палестиндік дәрігерге кесілген өлім жазасын Жоғарғы сот өз күшінде қалдырды. Европа одағы бұған өкініш білдіре отырып, мүмкін басқа бір шешім табылар деген үмітте. Медбикелер мен дәрігер 1999 жылдан бері түрмеде отыр, олар өздерінің кінәсіз екендіктерін айтып ақталуда. Ал айыптауларда олар балаларға СПИД дертін әдейі жұқтырды делінеді, сарапшылар болса мұның бәрі Ливия ауруханаларында тазалықтың жоқтығы салдарынан дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG