Accessibility links

Қырғызстан мен Қазақстан бірлескен инвестициялық қор құруға келісті


Бірлескен экономикалық жобаларды дамыту үшін бұл қорға 120 миллион доллар қаржы салынатын болды. Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлері Карим Масимов пен Алмаз Атамбаев бұндай келісімге бүгін Бішкекте қол қойды. Масимовтың айтуынша, бірлескен инвестқорға Қазақстан 100 миллион доллар, ал Қырғызстан 20 миллион доллар қосады.
XS
SM
MD
LG