Accessibility links

Боснияның Сребреницасында 3 мыңдай мұсылманның сүйектері қайта жерленді


СРЕБРЕНИЦА: “Сребреница қырғынының” 12 жылдығына арналған рәсімге Боснияның 30 мыңдай халқы келді. Осы рәсімнің барысында Сребреница қаласының маңындағы Потокари мемориалдық орталығына әлгі қырғынның құрбаны болған 465 мұсылманның сүйектері қайта жерленді. Осы мемориал ашылған 2003-інші жылдан бері 3 мыңға тарта адамның сүйектері табылып, қайта жерленді. Бұл рәсімге Халықаралық Гаага трибуналының Бас прокуроры Карла дель Понте ханым да келіп қатысты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG