Accessibility links

Исламабадтағы “Қызыл мешіттің” ішінен 73 исламшылдың мәйіттері табылды


ИСЛАМАБАД: Исламабадтағы “Қызыл мешіт” кешенін Пәкістанның қауіпсіздік күштері басып алған соң, оның ішінен 73 исламшылдың мәйіттері табылды. Қауіпсіздік күштерінің мәліметі бойынша, өлгендердің арасында мешітте тұтқында кепілдікте отырған әйелдер мен балалар жоқ. Бастапқыда шайқастың барысында 80-нен астам адамның қаза болғаны хабарланған еді. Қарулы исламшылдардың тобы Пәкістанда шариғат заңдарын орнатуды талап етіп “Қызыл мешітті” 1 аптадай бұрын басып алды. Келіссөз нәтиже бермеген соң ресми билік мешітке шабуыл жасау туралы шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG