Accessibility links

Адамның құқын қорғайтын ұйым БҰҰ-ы мен Израильді және “Хизболла” тобын айыптайды


ИЕРУСАЛИМ: “Amnesty International” ұйымы өткен жылғы соғыстың барысында адамзатқа қарсы қылмыстарға жол берілді деген хабарды не Израиль, не Ливан тергемеді деп мәлімдейді. Мұндай айып аталған ұйымның “Израиль-Хизболла” соғысының басталғанына 1 жыл толуына арнап бүгін жариялаған мәлімдемесінде айтылады. Онда халықаралық ұйым Израильді Ливанның оңтүстігінде бейбіт халық тұрған мекендерді бомбалап, кассеталық бомбаны қолданғаны үшін өткір сынаса, “Хизболла” тобын Израильді зымырандармен атқылағаны үшін айыптайды. “Amnesty International”-дің есебі бойынша, 34 күн жалғасқан соғыстың барысында 1 мыңнан астам бейбіт халық қырылды. Оған бейтарап тергеу жүргізбеген БҰҰ-ы да сынға тап болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG