Accessibility links

Ақ Үй Ираққа қатысты аралық баяндамасын жариялады, ал президент Джордж Буш баспасөз-мәслихатын өткізді


Бүгін Ақ Үй Ирақ үкіметінің Конгрес қойған талаптар негізінде алға басушылығына қатысты аралық баяндамасын жариялады. Онда осы мәселеге байланысты әртүрлі баға берілген. Яғни Ақ Үй “бір салада жақсылық белгілері болса, енді бір салады күрделі жайттардың орын алып тұрғанын” мойындаған. Бұл баяндамада Ирақ үкіметі АҚШ Конгресі тарапынан қойылған 18-талаптың 8-іне қатысты “қанағаттанарлықсыз”, тағы 8-талапқа байланысты “қанағаттанарлық” алғажылжушылық жасаған делінген. АҚШ президенті Джордж Буш бүгін баспасөз-мәслихатын өткізді. Ол, Америка Құрама Штаттарының Ирақ соғысында жеңіске жете алатынына сенетінін айтты. Джордж Буш сондай-ақ АҚШ әскерлері Ирақтан тезарада шығарылса бұл - аймақтағы АҚШ одақтастарын жаңылыстыруы мүмкін деп мәлімдеді. Сонымен қатар, АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс пен қорғаныс министрі Роберт Гейтс тамыз айында Таяу Шығысқа сапармен баратын болады. Бұл туралы президент Джордж Буш хабарлады.
XS
SM
MD
LG