Accessibility links

Ирақта күн сайын 2 мыңдай адам баспанасын тастап қашуға мәжбүр болады


ЖЕНЕВА: БҰҰ әлем қауымдастығын Ирақ босқындарына 123 млн. доллар қаржылай көмек беруге шақырды. Босқындардың істері бойынша Ұлттар Ұйымының агенттігі мәлімдегендей, Ирақта күн сайын қантөгістен қашқан 2 мыңдай адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болады. Қаржы-қаражатқа деген мұқтаждық үнемі өсумен келеді – қаражат уақытша баспанаға, азық-түлікке, дәрі-дәрмек сатып алуға керек. Осы агенттіктің мәліметі бойынша, Ирақтан 2 млн.-нан астам халық сыртқа қашса, тағы 2 млн. халық елдің ішінде босып кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG