Accessibility links

Ирақта “Рейтер” агенттігінің фототілшісі мен оның көлік жүргізушісі қаза тапты


БАҒДАД: Кеше Бағдад қаласында “Рейтер” агенттігінде жұмыс істейтін ирақтық фототілші мен оның көлік жүргізушісі қаза тапты. Кеңсесі Лондонда орналасқан “Рейтер” ақпарат агенттігі хабарлағандай, ол екеуіңнің қалай қаза болғаны белгісіз. Осы хабарға сәйкес, олар АҚШ әскері мен көтерілісшілердің арасында атыс болған Бағдадтың шығысында опат болыпты. Осы кезде Данияның үкіметтік емес ұйымында жұмыс істейтін Ирақ дәрігерін оңтүстіктегі Басра қаласында кісі ұрлаушылар алып кетіп, өлтірді.
XS
SM
MD
LG