Accessibility links

Тамызда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Таяу Шығысқа бірге барады


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Ирақ үкіметіне жан-жақты қолдау көрсету үшін мемлекеттік хатшы мен қорғаныс министрін тамыз айында Таяу Шығысқа жіберетінін мәлімдеді. Кеше Ақ үйде өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буш атап көрсеткендей, К.Райс пен Р.Гейтстің Таяу Шығысқа бірге баруы АҚШ-тың осы аймақтағы демократиялық реформаларды қолдайтынын тағы да растауға тиіс. Дж.Буш бұл баспасөз-маслихаты Ақ үйдің Ирақтағы ахуал туралы екіұшты қорытынды жасалған баяндамасына арналды. Соған қарамастан Дж.Буш АҚШ Ирақта жетістікке әлі жете алады деген сенімін білдірді.
XS
SM
MD
LG