Accessibility links

Абхазия 2014 жылғы Олимпиадаға қауіп төндіре алмайды дейді Ресей


Кремлдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі Грузия-Абхазия жанжалы Қара теңіз жағалауындағы Ресейдің Сочи қаласында 2014 жылғы Олимпиаданы өткізуге кедергісін келтірмейді деп сенеді. 2014 жылға дейін бұл жанжал өзінің шешімін табады деп үміттенеді олар. Абхазияны басқа ешкім ел ретінде мойындамағанымен, Мәскеу оған қатты қолдау білдіреді. Халықаралық Олимпиада комитеті 5 шілде күні Сочидің 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу мәртебесін жеңіп алғанын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG