Accessibility links

Пәкістан қалаларында Қызыл мешіт шабуылмен босатылған соң наразылық шерулері өтуде


Президент Первез Мүшарраф исламшыл экстремистерден Қызыл мешіт кешенін босату үшін үкіметтік жасақтардың шабуыл жасауға мәжбүр болғанын дұрыс қабылданған шешім деп қолдау білдірген еді. Енді қарсылық ереуілдеріне қатысты қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Қызыл мешітке шабуыл кезінде 73 бүлікші өлтірілсе, 9 жасақ қаза тапқан. Әл-Қаида жетекшілерінің бірі Айман әл-Зауахари мұсылмандарды Мүшарраф үкіметіне қарсы наразылық шерулеріне шақырды.
XS
SM
MD
LG