Accessibility links

Құрама Штаттар Ресейді БҰҰ-ның Косово қарарына вето қоймауға шақырды


Құрама Штаттар Ресейді БҰҰ-ның Косовоға халықаралық бақылаумен тәуелсіздік беретін қарар жобасын қолдауға шақырды. АҚШ елшісі Залмай Хализадтың журналистерге айтуынша, Ресейдің БҰҰ-ның бұл Косово қарарына қарсы болуына қарамастан, Сербия провинциясы тәуелсіздікке қарай жылжи беретін болады. Құрама Штаттар мен Еуропа қолдап отырған ол соңғы жоба жұма күні кеңестің барлық 15 мүшесіне таратылған болатын. Енді дүйсенбі күні Косово жобасы талқыланатын болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG