Accessibility links

Батыс елдері Еуропадағы қару-жарақ жөніндегі келісімнен Ресейдің шыққанына алаңдайды


НАТО ұйымы, Америка Құрама Штаттары мен кейбір еуропалық мемлекеттер Еуропадағы кәдімгі қару-жарақ жөніндегі келісімнен Ресейдің шығып кеткеніне өкініш білдірді. АҚШ әкімшілігі мәселе жөнінде Ресеймен әлі келіссөз жүргіземіз деді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы келісімге қол қойған барлық тараптарға қайырылып, Ресейдің қимылын мұқият саралауға шақырды. Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кисляк НАТО ұйымы Шығысқа қарай кеңейіп жатыр, НАТО ұйымына қатысатын елдер келісімді бұзып отыр, сондықтан келісімнен шығуға мәжбүрміз деп сипаттады. Еуропадағы кәдімгі қару-жарақ жөніндегі келісім ядролық емес қару-жарақтың мөлшерін шектейді.
XS
SM
MD
LG